Түркістан облысында тау бөктерінде 85 нысан заңсыз салынған
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы демалыс аймағында 85 нысан заңсыз салынған. Қазір аудан әкімдігі тау бөктеріне салынған өзге де демалыс орындарының құжаттарын тексеріп жатыр. Әзірге белгілісі, пысықай кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алып, онда түрлі ғимараттар мен бассейндер салып тастаған. Олар жылдар бойы заңсыз табыс тауып келген. Бүгінде ауданда 250-дей демалыс орны бар , оның 40 шақтысы ғана ресми түрде тіркелген. Қалғандарының құжаттары жоқ. Заң талаптарын сақтамаған 44 нысанның иесіне ескерту хат жіберілген.
Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
Ғимараттарға қанша демалушылар келіп жатыр. Оған статистика да жоқ. Налог та төленбейді. Құрылыс та заңдастырылмаған. Судың аймағында қауіпті жерлерге бірнеше құрылыстар қырды ойып кәдімгідей салып тастаған өз еркімен. Соның барлығын қарайтын боламыз. Біржолға заңсыз болып жатса заңдастыру керек. Әлде құрылысты алып тастау керек заңсыз салынған соң. ГАСК жағынан жұмыс істейміз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10