Ақтөбеде Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтуде
Ақтөбеде Кеңес одағының батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы тойланып жатыр. Өңірге елге белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, саясаткерлер мен батырдың туыстары да арнайы барды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Небәрі 18 жасында өшпес ерлік жасаған қайсар қыздың мерейтойына дайындық жыл басында-ақ басталып кетті. Бүгін жиналғандар алдымен батырдың еңселі ескерткішіне келіп, тағзым етті.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Өнер орталығында «Ұмытылмас бейне» атауымен суретшілер мен мүсіншілер көрмесі ұйымдастырылды. Ал «Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумына жиналған ғалымдар мен батырдың туыстары бұған дейін беймәлім болып келген деректер айтты.
Баян Молдағұлова, батырдың туысы:
Әлия апамызды тәрбиелеген туған нағашысы Әубәкірден туған кенже қызымын. Үш жасында Әубәкірдің әкесі Тәжікен деген, сол екінші әйел алған, оны әкем жеңеше дейтін. Әлияны сол жеңешесіне апарып тастады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мерейтой қонақтары бұдан кейін мемориалдық музейге барады. Сондай-ақ Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында сахналанатын «Әлия» мюзиклін тамашалайды. Мерекелік іс-шаралар ертең батырдың туған жері Қобда ауданында жалғасады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» - «Брюгге» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
20.01.2026, 20:39
Президент: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты істермен атап өтуіміз керек
20.01.2026, 20:37
Қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам
20.01.2026, 20:35
Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беріледі
20.01.2026, 20:33
Президент ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін сынға алды
20.01.2026, 20:29
Ұлт болашағын айқындайтын маңызды жобалар іске асырылады
20.01.2026, 20:27
Су дипломатиясы – стратегиялық міндет
20.01.2026, 20:21
Президент үш қалада ЖЭО құрылысын тездетуді тапсырды
20.01.2026, 20:20