Үлескерлердің құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
Пәтер аламын деп, жиған-тергенін құрылысқа салатын үлескерлердің құқығы енді жіті әрі жан-жақты қорғалады. Бүгін Сенат тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі зерделенген заң жобасын қабылдады. Енді халықтың мүддесін қорғау мақсатында Үлескерлерді қолдау орталығы құрылады. Онда қай компания заңды, қайсысы тиісті құжатсыз жұмыс істеп жатқанын анықтай аласыз. Бұдан бөлек алдағы уақытта үйді қолма-қол ақшамен сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін. Өйткені баспана сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көзделіп отыр. Салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға, сондай-ақ үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамалауға да тыйым салынады.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Мақұлданған заң үлестік құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуді көздейді. Осы мақсатпен үлескерлердің құқығын қосымша қорғауды қамтамасыз ететін түзетулер топтамасы енгізілді. Заңда мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға қатысты қызметті оңтайландыруды көздейтін өзгерістер де бар. Сонымен қатар автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың негіздерін жетілдіруге бағытталған ережелер қарастырылды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01