Ақтауда контейнерлік хаб пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда контейнерлік хаб пайдалануға берілді

12.06.2025

Ақтауда Каспий теңізінің акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб пайдалануға берілді. Жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды. Оны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайдың «Ляньюньган» портымен және «Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен» бірге іске асырды. Нысанның ашылуында Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Қытайдан келе жатқан 100 мыңыншы контейнер портқа жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау порты жылына 70 мың контейнер өңдесе, хабтың арқасында көрсеткіш 3 есеге жуық өспек. Контейнерлік хабта жабық және тоңазытқыш контейнерлерге арналған қоймалар бар. Озық логистикалық инфрақұрылым контейнерлік жүктерді жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.

  Дәурен Құтпанбаев, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты басшысының міндетін атқарушы:

Бұл - құрлықтарды, мемлекеттерді байланыстыратын барлық маршруттың болашағына салынған инвестиция. Сонымен қатар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі. Осы жобаның арқасында еліміздің транзиттік әлеуеті арта түседі.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу