Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс уақытын сағат 7-ден бастауды ұсынды
Астанада жұмыс уақыты таңғы 7-ден басталуы тиіс. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин жұмысқа ерте келуді ұсынды. Ол өзінің депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдап, мәселенің өзектілігіне тоқталды. Ал депутаттың мұндай бастаманы көтеруіне қаладағы кептеліс себеп болды. Әсіресе, таңертең және кешкі уақыттарда қарабас. Депутаттың сөзінше, зерттеулер еңбек өнімділігі таңғы сағаттарда әлдеқайда тиімді екенін көрсеткен. Сондықтан Асылбек Нұралин жұмыс кестесін сағат 9-дан 7-ге және 8-ге ауыстыру дұрыс деп санайды.
Асылбек Нұралин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ашық статистикалық деректерге сүйенсек, Астана қаласындағы жұмысшылардың 50 пайыздан астамы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. Осыған байланысты ведомстволарға бағынышты ұйымдардың қызметшілеріне арналған көлік ағынын қайта реттеу мәселесін пысықтау қажет. Аталған санаттағы ұйымдардың жұмыс уақытын ауыстыру мәселесін қарастыру ұсынылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22