«Жедел жәрдем» жүргізушісі жол ережесін бұза ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жедел жәрдем» жүргізушісі жол ережесін бұза ала ма?

11.06.2025

«Жедел жәрдем» көлігі жүргізушісінің жол ережесін бұзуға хақы бар ма? Бұдан бұрын Оралда «жедел жәрдем» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысып, 5 адам жарақат алғанын айтқан едік. Жол жүру ережесі бойынша «жедел жәрдем» көлігі түрлі-түсті шамдары мен дыбыстық белгісін қосып, бағдаршамның қозғалысқа тыйым салынған белгісіне өтуіне болады. Алайда жүргізуші бағдаршам тұсына келгенде абай болуы керек. Оны жол қозғалысының басқа қатысушылары өткізіп тұрғанына көз жеткізуі қажет. Ал басқа көлік жүргізушілері шұғыл қызмет мамандарына жол беруі тиіс. Қазір Оралдағы жол апатында кімнің кінәлі екендігі анықталып жатыр. Ал жарақат алған 5 адамның біреуі 13 жастағы қыз бала. Жағдайы орташа, ауруханада жатыр. Қалғандары үйлеріне жіберілді.

Сәбит Калиуллиев, қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

Жүргізуші жол беруге міндетті. Бірақ мына «жедел жәрдемнің» жүргізушісіне де, оның да мойнынан міндеттілік шешілмейді. Себебі ол көз жеткізуі керек. Сосын ғана жол ережесін бұзып, өзінің асығып бара жатқан жеріне жүруіне болады. Әкімшілік хаттама толтырылады. Яғни ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады жүргізушілердің біреуі.

Өткен жылы өңірде «жедел жәрдем» көлігі бар 9 жол апаты тіркелген. Оның 7-де арнайы көлік жүргізушісі кінәлі деп танылған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу