Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалуы мүмкін
Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалуы мүмкін. Оның ішінде 4100 адам бостандыққа шығады деп жоспарлануда. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады.
Жалпы бұған дейін елімізде сотталғандарға 9 рет рақымшылық жасалған. Оған қоғамға қауіпті емес, аса ауыр емес қылмыс жасағандар ілінеді. Оның ішінде кәмелетке толмаған баласы бар аналар мен жүкті әйелдер де кіреді. Бірақ сыбайлас жемқорлықпен сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.
Қарақат Әбден, Мәжіліс депутаты:
Біздің өзіміздің санауымыз бойынша бүгінде 2 мыңға жуық әйел босатылатын болады. Оған қоса пробацияда жүрген әйелдердің жазасы жеңілдейді. Нақты категориялары бар. Біріншіден жүкті әйелдер, жастары ұлғайған әйелдер, мүгедектігі бар әйелдер. Ең бастысы үйлерінде кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер.
Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:
Ауыр және аса ауыр қылмыстарға рақымшылық қолданылады. Бірақ олар бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылмайды. Оларға қатысты жаза көлемі қысқартылады. Аса ауыр санаттағы қылмыстық істерге бестен бір бөлігі, ауыр санаттарға төрттен бір бөлігі.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01