Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шаққан
Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шағып, барлығы ауруханаға ауыр халде түскен. Оның үшеуі бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Қажетті ем-домын алған 7 азамат кейін үйілеріне жіберілді. 2 тұрғын дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары орташа ауыр. Қарақұрт төрт түлікті де қырғидай қырып барады. Жыл басынан бері 159 малды шақса, оның 6-уы сеспей қатқан.
Еске салсақ, өткен жылы 13 адам улы жәндіктен зардап шегіп, 40 шақты мал өлді. Ахуал биыл да күрделі. Сондықтан шаруаларға малға бақылауды күшейтіп, ал тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керегі ескертіліп жатыр.
Бауыржан Рахметов, дәрігер-токсиколог:
Шымыр ете түседі, ине кіргендей болып. Содан соң 5-10 минуттан кейін адамның өзіне белгілі бола бастайды. Бел омыртқаның тұсы ауырады, аурудың күші көбейе бастайды. Қара терге түседі, жүрегі қысылады. Әркімнің өзінің қандай хроникалық аурулары бар, солар қозады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15