Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі зерттеліп жатыр
Отандық ғалымдар ойлап тапқан қатерлі ісікке қарсы препаратқа клиникалық зерттеу жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз конференциясында айтылды. Биолог Дос Сарбасов бастаған зерттеуге аса ауыр жағдайдағы, обырдың соңғы шегіне жеткен 60 адам қатысып жатыр. Олар Алматыдағы Онкология және радиология институтындағы дәрігерлердің ұдайы бақылауында.
Еске салсақ, бұл зерттеу 3 жыл бұрын басталған. Бұған дейін жаңа дәріні тек тоқ ішек обырына шалдыққан науқастар қабылдады. Дәрігерлер олардың ісігі 30 пайызға азайғанын айтады. Енді препараттың қатерлі ісіктің басқа да түрлеріне қалай әсер ететіні зерттелмек. Клиникалық сынақ ойдағыдай аяқталса, обырдың төртінші сатысына жеткен науқастарға ем табылады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17