Алматыда автобус 5 жеңіл автокөлікті соққан
Алматыда автобус 5 жеңіл автокөлікті соққан. Салдарынан жасөспірім жарақат алып, ауруханаға түскен. Науқастың жасы он екіде. Оған мамандар «жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозын қойды. Жол апатынан зардап шеккен қалған төрт жолаушының жағдайы тұрақты, амбулаториялық ем қабылдап жатыр, дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. Ал Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Қатты екпінмен еліп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған бес жеңіл көлікке соқтығысқан. Полицейлер қазір оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17