Адамның бет-бейнесін анықтауға кедергі келтіретін киім киюге шектеу салынбақ
Қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін анықтауға кедергі келтіретін киім немесе бұйымдар киюге шектеу салынбақ. Бұл туралы бүгін Сенатта депутат Наурызбай Байқадамов айтты. «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізілетін бұл норма қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған. Бірақ бұл шектеу заң талаптарын орындау мақсатында, қызметтік, медициналық мақсаттарда, ауа-райына байланысты немесе спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде киетін адамдарға қолданылмайды.
Наурызбай Байқадамов, Сенат депутаты:
Бұл шара қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту, бет-әлпетті тану құралдарының тиімділігін арттыру, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндігін күшейтетін болады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04