Архив саласы мамандарының халықаралық жазғы мектебі басталды
Астанада архив саласы мамандарының халықаралық жазғы мектебі басталды. Ауқымды шараға 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатысып жатыр. Шалғай жатқан елді мекендердегі мамандар білімін шыңдайды. Басқосуға Ресей, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстанның архив мекемелерінің өкілдері де қатысуда. Жиналғандар 3 күн бойы тәжірибе алмасады. Басты бағыт – цифрландыру. Яғни, құнды мұраны заман талабына сай сақтаудың қыр-сырын үйренеді.
Еске салайық, Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда Президент ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.
Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары:
Бүгінгі таңда ең көп сұранысқа ие нақты біздің архивке келсек, бірінші категориялық құжаттар толық цифрлық форматқа ауысты деуге болады. Демек сырттан келген зерттеушілер, тарихшылар, мамандар, былай құжаттармен танысамвн, ХХ ғасырды зерттеймін, білемін деген ниет білдірушілер болса, Президент архивіның оқу залына кіріп, мұнда тіркеліп, құжаттармен таныса алуға мүмкіндігі бар деуге болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Электр қуаты толық қалпына келтірілді
08.09.2026, 20:00
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22