Үкіметте еңбек қауіпсіздігін күшейту жолдары қаралып жатыр
Елімізде өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан болатын апаттар азаймай тұр. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр 1400-ден астам адам жарақат алып, 202 адам қаза тапқан. Бүгін Үкіметте осы мәселе қаралмақ.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Үкімет отырысы жаңа ғана басталды. Қауіпсіздікті жақсартудың бір жолы ретінде еңбек саласын толық цифрландыру қаралып жатыр. Яғни, барлық ақпарат ашық, қолжетімді болады. Әр кәсіпорынның цифрлық картасы әзірленіп, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қашықтан бақыланады. Еңбек инспекторлары өндіріс орындарына ескертусіз кіріп, тексере алады. Тағы да басқа осындай ілкімді жобалар бар. Өйткені статистика өте нашар. Бір жылда 202 адамның жұмыс орнында қаза табуы екі күнде бір адам мерт болды деген сөз. Тіпті одан да жиі. Апаттардың негізгі себептері мыналар: ең біріншісі қарапайым қауіпсіздік техникасының сақталмауы, қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетінің төмендігі. Құрал-жабдықтардың ескіруі және бақылаудың нашарлығы. Дәл қазір министрлік атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп беріп жатыр. Сондай-ақ бүгін жиында Қазақстанға келетін туристерге жасалатын жағдай да талқыланады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
29.10.2025, 17:37
Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың санағы басталды
29.10.2025, 17:35
Қостанайда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті
29.10.2025, 17:33
Қарағанды облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
29.10.2025, 17:30
Өткен 9 айда 40 мың адам инсульт алған
29.10.2025, 17:25
Өзбекстанда заңсыз дәрі-дәрмекке бақылау күшейеді
29.10.2025, 17:22
Оңтүстік Кореяда Трампқа қарсы шеру өтті
29.10.2025, 17:20
Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа деңгейге көтермек
29.10.2025, 17:17