Қазақстандық үш гимнаст Азия чемпионы атанды
Оңтүстік Кореяда спорттық гимнастикадан өткен Азия біріншілігінде қазақстандық үш гимнаст чемпион болды. Жасөспірімдер мен ерлер арасындағы сында Ұлттық құрама атлеттері 3 алтын, 2 күміс пен 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының өкілдері хабарлады. Ересектер арасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік шықты. Ал еркін жаттығуда Милад Карими екінші орыннан көрінді. Командалық жарыста жігіттер үздік үштікті түйіндеді. Жарысқа 24 елдің таңдаулы спортшылары жиналды. Енді 12-15 маусым аралығында әйелдер өзара жүлдеге таласады.
Нариман Құрбанов, 3 дүркін Азия чемпионы:
Бұл менің Азия чемпионатындағы үшінші алтыным. Жарыс тартысты өтті, оңай болған жоқ. Өйткені бұл спорт түрінде сары құрлық өкілдері өте мықты. Өз нәтижеме көңілім толады. Осы маусымдағы үздік көрсеткішім десем де болады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
29.06.2026, 20:09
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03