Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларынан заң бұзушылықтар анықталды
Маңғыстауда мектептердің асханаларынан өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша, аймақтағы мектеп асханаларына ауқымды тексеру жүргізген. Нәтижесінде 66 мектептің 65-де асханаларда санитарлық нормалар сақталмаған болып шықты. Тексеру қорытындысына сәйкес 57 нысанға жалпы сомасы 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, 60 ұйғарым берілген. Сонымен қатар 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Бір іс сотқа жіберілді.
Еске салайық, былтыр Мұнайлы ауданында 460 оқушы мектеп асханасында астан уланып, ауруханаға түскен болатын. Тексеру нәтижесінде асханадан ішек бактериялары табылып, 12 қызметкерден стафилококк бактериясы анықталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Қазақстан мен Италия жаңа бизнес алаңын іске қосты
21.09.2026, 09:57
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06