Лос-Анджелестің орталығына жиналуға заңмен тыйым салынды
Бүгін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының орталығына жиналуға заңмен тыйым салынды. Бұл туралы хабарлама шерушілерге телефон арқылы таратылған.
Айта кетсек, Лос-Анджелесте заңсыз мигранттарды тұтқындау операцияларына қарсы шерулер үшінші күнге ұласып отыр. Демонстрация барысында көптеген көлік өртелді. Тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін қалаға ұлттық гвардия жауынгерлері енгізіліп, көзді жасаурататын газ қаруы мен құлақты шуылдататын граната қолданылды. Ал Пентагон бұл операцияға армияны да тартуы мүмкін екенін жоққа шығармай, теңіз күштерін жоғары дайындыққа көшірген. Кейбіреулер шеруге Мексика туын ұстап шықты. Жалпы мегаполистің Парамаунт ауданы тұрғындарының 80 пайызы – Латын Америкасы елдерінен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12