Таңдаулы 100 кітап: Сауалнамаға 16 мың адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңдаулы 100 кітап: Сауалнамаға 16 мың адам қатысты

07.06.2025

Отандық әдебиеттегі үздік 100 кітапты анықтау мақсатында өтіп жатқан жалпыхалықтық сауалнамаға қазірдің өзінде 16 мыңнан астам адам қатысқан. Бүгін Астанада жобаның аралық нәтижелеріне арналған кездесу өтті. Онда сауалнамаға он мыңыншы және он алты мыңыншы болып қатысқан азаматтарға алғыс айтылып, сый-сияпат берілді. Бұл жоба – Ұлттық құрылтайда айтылып, биыл алғаш рет аталып өтілген – Ұлттық кітап күні аясында бастау алған. Сауалнамаға қатысқысы келген әр адам eGov порталы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Сауалнама 23 сәуірде басталды, 23 шілдеге дейін жалғасады. Отандық авторлардың ең көп оқылатын және сүйікті 100 туындысының қорытынды тізімі 10 тамызда — Абай күні жарияланбақ.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл жалпұлттық әдебиеттегі үлкен тізім болмақ. Бұл бір. Екіншіден, бұл сөзсіз, біздің баспагерлерге кітап индустриясына қажетті тілім деп есептеймін. Себебі, мына кітаптарды қайтсе де жұрт оқиды екен, азаматтарға қызық дүние екен деп өзінің жұмысын жоспарлауға, міне біз кітап дүкенінде тұрмыз ғой, қашан келсең де «Абай жолы» жоқ. Себебі, әр қазақ «Абай жолының» үйінде тұрғанын қалайды, сол сияқты бір дабыл беру.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу