Автобус апаты: 8 жасар қызға қаржылай көмек көрсетіліп жатыр
Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 8 жасар қызға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, жуырда сақтандыру есебінен 20 миллион теңге төленбек. Сондай-ақ, автобус паркі тағы 10 миллион теңге беретінін айтты. Қазір құжаттар рәсімделіп жатыр.
Еске салсақ, дүйсенбі күні кешкісін автобус жол бойындағы бағанға соғылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Аса ауыр халде жеткізілген 8 жасар Алуа Бекеннің аяғына ампутация жасалды. Жеткіншектің анасы Махаббат Төлеубекова 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Еріктілер оған қаржылай көмек қажет екені айтып, экранда көрсетілген нөмірді таратты.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17