Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

05.06.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ТМД елдері үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиында сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп, авиациялық қатынас, электронды сауда, көлік-транзиттік инфрақұрылым және цифрландыру мәселелері талқыланды. Кеңес аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ТМД делегация басшыларымен кездесу өткізді. Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға, әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. Көлік-транзиттік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан аумағында іске асырылатын аса маңызды жобалар туралы айтты.

Еске салайық, өткен жылы ТМД елдері арасындағы ЖІӨ өсімі 4,5% артып, сауда айналымы 37,3 млрд долларға жеткен. Жиын қорытындысында ауыр машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, авиация, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық жөнінде бірнеше құжатқа қол қойылды.

Серік Жұмабек 

Хабарламаларға жазылу