«Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымы ашылды
Алматыда «Жасыл ел» жобасының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қала жастарының дайындығы қалай?
Айдана Қуантхан, тілші:
Дәл қазір алаңға мыңнан аса адам жиналды. Қала жастарын уақытша жұмыспен қамтитын жобаға биыл 5 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Соның ішінде 16 мен 35 жас аралығында 2 мыңнан аса адам іріктеліп алыныпты. Енді олар тамыздың соңына дейін қала аумағындағы саябақтарға тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Әзиз Қажденбек, қалалық Жастар саясаты басқарма басшысы:
Биыл «Медеу», «Көкжайлау», Үлкен Алматы көлі аумағын тазартамыз. Қаланың түрлі ауданында салынған арықтарды тексереміз. Сол жаққа абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтаймыз.
Айдана Қуантхан, тілші:
«Жасыл ел» жобасы аясында бұған дейін 50-ге жуық экологиялық акция өтті. Сондай-ақ Есентай, Тіксай, Кіші Алматы өзендерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 100 тонна қоқыс шығарылды. Жыл сайын жүзеге асатын бұл жоба өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластырып, табиғатты күтіп баптауға баулиды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04