Павлодарда «Саябақтар шеруі» акциясы өтті
Зиянды қалдықтар көлемі бойынша көш бастап тұрған өндірісті өңір Павлодарда соңғы жылдары жағдай жақсара бастады. Себебі әр кәсіпорынға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жауапкершілікті арттыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру міндеттелген. Олардың орындалуы орталықтан бақыланып отырады. Ал дәл қазір облыс орталығында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Эколог күніне арналған ерекше шара өтіп жатыр. Ол жайында аймақтағы меншікті тілшіміз Болат Аманбаев тікелей қосылып, баяндауға дайын.
Болат Аманбаев, тілші:
Армысыздар, әріптестер. Дәл қазір біз Павлодар қаласындағы орталық саябақтамыз. Бұл жерде міне «Саябақтар шеруі» басталды. Шамамен 300-дей адам қатысуға тілек білдіріпті. Шараның маңыздылығы жайлы ұйымдастырушылардың өздерінен сұрап білейін.
Арайлым Атығаева, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бас маманы:
Болат Аманбаев, тілші:
Дәл осы саябақта экологиялық тәрбие негізін қалыптастыруға арналған шаралар іңір түскенге дейін, яғни кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Бір айта кетері, Павлодар өңірінде 300 мың гектарға жуық аумақты қарағайлы орман алып жатыр. Қылқанды жапырақты ағаштың осы түрі ауаға көміртегін ең көп бөледі. Сондықтан «Саябақтар шеруі» акциясы аясында 2,5 мың ағаш отырғызылды. Ал биылғы жылдың көктемі мен күзінде резерват 8 млн 900 мың дана қарағай көшетін отырғызуды жоспарлаған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16