Жайық жағасында жаңа саябақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жайық жағасында жаңа саябақ ашылды

Жайық жағасында жаңа саябақ ашылды

Атырауда қоршаған ортаны қорғау күніне орай жаңа саябақ ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінен әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шығуға әзір. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Қайырлы күн Дархан, қаланың қақ ортасында Жайық жағасында ашылған саябақ жасыл желектермен жайқалып тұр. Жаңадан ашылған саябақтың ерекшелігі – бұл жерге арнайы Ресейден әкелінген 161 түп аққайың отырғызылған. Ағаштардың биіктігі 4-5 метрді құрайды. Сонымен қатар аумақты абаттандыру бойынша да кешенді шаралар іске асып жатыр. Атап айтсақ, ағаштардың арасына осындай әдемі төсемтастар, тұрғындарға тынығуға арналған орындықтар қойылған. Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал отырғызу, экологиялық шаралар қарқынды жүріп жатыр. Бұл жерден бөлек жақында «Жұлдыз» ықшам ауданындағы саябаққа да биіктігі 3-4 метрді құрайтын 5 жылдық шаған ағаштары отырғызылды. Енді бұл шаралардың біздің қаламыз үшін маңызы қандай? Оны білу үшін қала тұрғыны Мира Асанова әңгімеге тарттық. Мира ханым, қайырлы күн.

Мира Асанова, қала тұрғыны:

Айгүл Асанова, қала тұрғыны:

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Сұқбатыңыз үшін рақмет. «Таза Қазақстан» акциясына атыраулықтар бірауыздан атсалысып келеді. Бүгінге дейін қала мен аудандарда 55 сенбілік өтіп, оған 22 мың адам атсалысқан. Нәтижесінде 2 мың тонна қоқыс шығарылып, көшелерге 31 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Бәрінің мақсат-мүддесі бір – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Бөлісу