Ертіс өзеніне Сібір бекіресі жіберілді
Ертіс өзеніне 3 мың Сібір бекіресі жіберілді. Бұрыннан мекені болған өңірде соңғы жылдары сирек кездесетін балықтың жойылу қаупі төнген. Жасанды жолмен өсірілген шабақтардың салмағы 1 келіден асады. Екі жылдық бекірелер болашақта 2 метрге дейін өсіп, табиғи жолмен көбейеді, дейді мамандар. Ертісте жойылып бара жатқан балық қорын молайту Абай облысында бірнеше жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Экологиялық игі істің бастамашысы жергілікті кәсіпорын, бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыра бермек.
Ерлан Сағидолдин, балық өсіруші кәсіпорын директоры:
Табиғи ортада 10-11 жас шамасында өздігінен көбейеді. Бұл іс-шара бірінші рет емес. Былтыр да балықтандыру ісін жүргізгенбіз. Егер бұл осылай жыл сайын жалғаса берсе, біздің жоспарымыз бойынша 10-15 жылда осы Ертіс өзенінде Сібір бекіресі молайып, қайтадан жанданады деген сенімдеміз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01