Ақтөбеде жемқорлардан қайтарылған қаржыға балабақша салынуда
Ақтөбеде жемқорлардан қайтарылған қаржыға 300 орындық балабақша салынып жатыр. Жоба құны жеті жарым миллиард теңгеге жуықтайды.
Нысан «Есет батыр» шағын ауданынан бой көтереді. Құрылыс жұмыстары екі ай бұрын басталған. Ғимарат ерекше архитектуралық шешіммен жобаланған. Яғни жоғарыдан қарағанда гүл бейнесіне ұқсайтын бір біріне жапсарлас 6 нысаннан тұрады. Жалпы аумағы 20 172 шаршы метр. Орталық блокта қысқы бақ болады. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмендеген, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесі келер жылы қолданысқа берілуі тиіс.
Ержан Мұздыбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
Қайтарылған активтер есебінен облысымызда 12 жоба асырылып жатыр. Оның біреуі осы ірі жоба – 7,4 млрд теңгеге ерекше балаларға арналған әлеуметтік жоба. Одан бөлек 11 медицина нысандары салынып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04