Қазақстан мен Қырғызстан шегіртке жайлаған алқаптарды бірге анықтайды
Қазақстан мен Қырғызстан шегіртке жайлаған алқаптарды бірге анықтайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз мамандарымен бірлесіп, шекаралас аумақтарды тексеріп, шегірткенің таралу ошақтарын бақылауға алмақ. Бүгін елдегі бірқатар учаскелерде жұмыс басталды. Зиянкестердің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында. Әзірге біздің аумаққа таралу қаупі жоқ. Дегенмен болжам бойынша 2 млн гектар жерді үйірлі шегіртке басуы ықтимал. Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары қауіпті аймақта тұр. Сондықтан алқаптар жаппай уланып жатыр. Бүгінге дейін 844 мың гектар аумаққа дәрі себілген.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстап, деңгейін төмен түсірмеу керек. Әр жұмысты мердігерлер уақытында істеуі қажет. Техникалары сынып қалса, орнына резервтен техника қоюы керек. Сағат сайын актілерін байқап жазып, заңды түрде барлығын істесек, бұл жұмыстың нәтижесіне жетуге болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16