Ақтөбеде қой жүнін өңдейтін кәсіпорын ашылады
Тамыз айында Ақтөбеде қой жүнін өңдейтін кәсіпорын ашылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров инвестициялық жобаның мүмкіндігімен танысты. Италиялық компаниямен бірлесе ашылған фабрика жылына екі жарым мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы. Нысанның аумағы 5 мың шаршы метр. Кәсіпорын қой жүнін өңдеп, жылу және дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалын шығарады. Жоба құны 5 миллиард теңге. 40 адамға жұмыс орны ашылады. Құрылыс толығымен аяқталды. Қазір Еуропадан әкелінген құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Министрдің айтуынша, енді тері және жүн өнімдерін экспортқа шығаруға да жол ашылады. Себебі мемлекеттік баж салығы алынып тасталады.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Комиссия шешім шығарды. Қазір ереже тіркеуде. Сондықтан экспортқа да жол ашып жатырмыз. Өйткені жүн, тері далаға лақтырылмауы керек. Экспорттау керек. Екіншіден, мұндай мекемеге, қайта өңдеуге де субсидия береміз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04