Электр, су, жылу желілерінің 50 пайыздан астамы тозған. Бұл – проблеманың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді. Сенат төрағасы Парламентте өткен комиссия отырысында осылай деді. Жиында инфрақұрылым мен қалаларды дамытуға қатысты мәселелер қаралды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Саран қаласы индустриялық аймақтарды құрудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Қалада аталған аймақ құрылған сәттен бастап өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,6 есеге, салық аударымдары 5 есеге артқан. 2000-нан астам жұмыс орны ашылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өзге өңірлерде жалғасады.
Мәулен Әшімбаев – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Кейбір өңірлерде еңбек күшінің көлемі азайып жатқаны да жасырын емес. Адамдардың саны азайып жатқаны да белгілі. Бірақ басқа, оңтүстік өңірлерде адам санының өсу қарқыны байқалады. Сондықтан бұл жерде еңбек миграциясын ынталандыру және оны жүйелі түрде ұйымдастыру – сенаторлар көтеріп отырған өзекті мәселелердің бірі.
Самал Қабышева
