Хиуаз Доспанова туралы жаңа кітап жазылды
«Хиуаз Доспанова кім?» — дәл осындай атаумен жаңа туындының тұсауы кесілді. Кітапта Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының аңызға айналған ұшқышы Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігі туралы тың деректер қамтылған. 2 000 данамен жарық көрген бұл еңбек 4–8 сынып оқушыларына арналған.
Кітап авторлары — белгілі журналист Тұрсын Қалимова мен балалар ақыны, журналист Серікбол Хасан. Олар бұл еңбектің балалардың бойына патриотизм мен отансүйгіштік рухын сіңіруге айрықша ықпал ететінін айтады.
Серікбол Хасан, кітап авторы:
Бұл кітаптағы негізгі басымдық — Хиуаз Доспанованың соғыстағы ерлігі, ұшақ басқарудағы түрлі тәсілдері, көкке көтеріліп, жау нысандарын жойған қаһармандығы.
Кітаптың басты ерекшелігі — Хиуаз апайдың өмір жолына байланысты осы уақытқа дейін жазылмаған хронологияны алғаш рет жасап шыққанымыз. Бұған дейін ондай толық хронология жасалмаған екен.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29