Қаржылық қауіпсіздік: Мультфильмдер жарыққа шығады
Балаларға базарлық. Қаржылық мониторинг агенттігі балаларды қорғау күніне орай қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы мультфильмдер циклын іске қоспақ. Ертең танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы бөлімі жетекші телеарналар мен Агенттіктің ресми әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. Бірінші бөлім қаржы пирамидалары тақырыбына арналған. Кейіпкерлер кішкентай көрерменге мұндай алаяқтық схемаларды қалай анықтау керегін түсіндіреді. Келесі бөлімдерде лудомания, дроптарды пайдалану, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптар қозғалады.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Мультфильмдер циклі балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған. Айта кеткен жөн, «Қошқар мен Теке» отандық мультипликация саласындағы кәсіби мамандардың күшімен жарыққа шықты.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12