2026 жыл «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы ретінде атап өтуді ұсынды.
Бүгін Астанада бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтіп, оған Орталық Азия елдерінің басшылары мен Италияның Премьер-министрі қатысты. Жиында жан-жақты байланысты, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жайы айтылды. Айта кету керек, мемлекеттер басшылары енді 2027 жылы Қырғызстанда бас қосатын болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мәдени өзара ықпалдастыққа келсек, саладағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұл халықтар мен елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың негізгі факторы. Гуманитарлық байланысты одан әрі дамыту үшін 2026 жылы Орталық Азия мен Италияның мәдени қозғалыс жылы аясында бірқатар бірлескен іс-шара өткізуді ұсынамын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22