Э.Макрон: Израильге қатысты ұстаным қатаңдауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Э.Макрон: Израильге қатысты ұстаным қатаңдауы мүмкін

30.05.2025

Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізуге тосқауыл қоюды жалғастыра берсе, Франция Израильге қатысты ұстанымын қатаңдатуы мүмкін. Президент Эммануэль Макрон осылай деп мәлімдеді. Франция президенті Израиль-Палестина қақтығысын шешу үшін екі мемлекет құру туралы шешімді жақтайтынын айтты. "Гуманитарлық блокада адам төзгісіз жағдай туғызды" деді Макрон.

«Би-Би-Си»-дің мәліметінше, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басшысы Израиль Газа тұрғындарын аштыққа мәжбүрлеп ұшыратып жатыр деп мәлімдеген. Ұйым өкілінің пікірінше, бұл - әскери қылмысқа тең. Израиль Газа секторын үш ай толық блокадада ұстап келді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пен отын тасымалын тоқтатты. Тек өткен аптадан бастап анклавқа шектеулі гуманитарлық көмек кіргізуге рұқсат берді.

Арай Төлегенқызы                   

Хабарламаларға жазылу