Ақтөбелік жастар ескерткіштің айналасын тазартты
Ақтөбелік жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің айналасын тазартты.
Бұл тас тұғыр орналасқан жер Түйетөбе деп аталады. 1920-40 жылдары Ақтөбе облысынан 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Оның мыңға жуығы ату жазасына кесілді. 1937-38 жылдары аралығында атылғандар осы Түйетөбе сайында жерленген. Бүгін жастар ескерткіш айналасын күл-қоқыстан арылтып, гүлдерді суарды. Тазалық шарасына 40-тан астам ерікті қатысты.
Заманай Қайнарұлы, облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Тарихи ескерткіштің маңында жастардың қатысуымен тазалық жұмысы жүргізіледі. 31 мамыр күні дәл осы ескерткіштерде гүл шоғын қою шарасы ұйымдастырылатын болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04