«Қазақстан балалары» бірыңғай ұлттық бағдарламасы әзірленуде
Елімізде алғаш рет балалардың құқықтарын қорғауға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай ұлттық бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді. Кешенді құжат балалардың білім алу, денсаулығы, қауіпсіздігі мен дамуына, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Құжат қазір жан-жақты талқылануда. Балаларға қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесі Ішкі істер министрлігінің де назарында. Ведомство өкілдері биыл кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы қылмыстар 21 пайызға төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар буллинг жасағандар үшін жаза күшейтілгенін жеткізді.
Алексей Милюк, ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Жыл басынан бері буллинг жасаған 145 адам жауапқа тартылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жаңа заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске жолданды. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған арнайы блок пен профилактикалық бақылауға жататын тұлғалардың жаңартылған санаттары қарастырылған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09