Қарағанды облысының Шет ауданында жол сапасы нашарлап кеткен
Қарағанды облысы Шет ауданында тұрғындар жол сапасына наразы. Айтуларынша, аудан ішінде бірқатар жолдар сын көтермейді. Мысалы, Ағадыр кентіне баратын жолға жылда жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен нәтиже жоқ дейді.
Ақсу-аюлы кентімен Ағадыр кентінің арасы 90 шақырым. Жолдың біршама бөлігі жөнделгенімен, аудан орталығына жақын 20 шақырым тас жолдың жағдайы нашар. Жауаптылар жыл сайын миллиондап қаржы құйса да ой-шұңқыры бітер емес дейді тұрғындар.
Сауалнама:
- Осылай ғой, міні жылда жамай береді. Жүре алмаймыз. Неге жамай береді? Сапасы жоқ. Жақсы қылып жасаса ғой. Жоқ. Ақшаны босқа шашып.
- Осы жерден Шетке дейін жол осындай. Екі рет жүрсең, машина шашылып қалады. Жылда жамай береді. Білмеймін.
Қырық жамауға айналған 20 шақырым жол биыл да тегістеліп жатыр. Ал ақ жағалылар толыққанды жөндеуді кейін жасаймыз деп ақталды. Себебі биыл Ақсу-аюлы мен Сәкен Сейфуллин ауылы арасындағы тас жол жөндеуден өтпек.
Мұхит Мұхтаров, Шет ауданының әкімі:
Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан 2 миллиард 800 миллион қаржы бөлініп, 15 шақырымды жөндеу қарастырылып отыр. Жалпы 26 шақырым жол 2 жылда жөнделеді. Ал Ағадыр жақтағы жолға ағымдағы тегістеу жүргізіледі.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17