Семейде «Құрылыс өнері» халықаралық фестивалі аяқталады
Семей қаласында өтіп жатқан «Құрылыс өнері» халықаралық фестивалі аяқталады. 3 күнге созылған шараға Ресей, Германия және Қазақстанның жетекші оқу орындарынан 200-ге жуық ұстаз қатысқан. Фестиваль қатысушылары кірпіш қалау, еден төсеу және сырлау жұмыстары бойынша сынға түсті. Құрылыс саласындағы тың әдістер, түрлі заманауи материал да таныстырылды. Мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Сайыс тәуелсіз сарапшылар тарапынан бағаланып, жеңімпаздар анықталды. Жастарды жұмысшы мамандықтарға қызықтыру мақсатында фестивальді жыл сайын өткізу жоспарланған.
Мейрамгүл Ауқышева, облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың әдіскері:
Қатысушылардың барлығы білікті маман. Әрқайсысы шеберлігін көрсетті. Жұмысшы мамандықтар жылында ұйымдастырылған фестиваль өте маңызды. Көп тәжірибе алмастық. Қазір құрылыс саласы өте қарқынды дамып келе жатыр. Замануи құралдар мен жұмыстың әдіс-тәсілдері де өзгеруде. Сала мамандарына сұраныс та өте жоғары. Байқауға қатысып, шеберлігін көрсеткен қатысушылардың үздіктерін марапаттадық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01