ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кітабы қазақ тілінде жарық көрді
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді. 4 томнан тұратын еңбектің Астанада тұсаукесері өтті. Кітапта Си Цзиньпиннің ел басқару философиясы, ішкі және сыртқы саясатқа көзқарасы, сондай-ақ Қытайдың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясы туралы жазылған. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітаптың жарық көруі - қытай тілін, мәдениеті мен қоғамдық құрылымын зерттеушілер үшін маңызды оқиға, деді.
Аида Балаева, Мәдениет және ақпарат министрі:
Бұл кітап – Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырмандар үшін құнды дереккөз болмақ. Сонымен қатар туынды Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09