Батыс жағалауда еврейлер үшін 22 қоныс салынады
Израиль министрлер кабинеті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы оккупацияланған территорияда еврейлер үшін 22 қоныс салу жоспарын мақұлдады. Палестина президенті Махмұд Аббас әкімшілігі бұл шешімді «қауіпті эскалация» деп сипаттады. Жаңа жоспарды «Хамас» қозғалысы да айыптады. Айта кетсек, халықаралық құқыққа сәйкес, палестиналықтардың жеріне қоныс салу - заңсыз. Алайда Израиль мұнымен келіспей, болашақ елді мекендер палестиналықтардан төнген қауіптен қорғану үшін қажет дейді. Израиль Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимді 1967 жылғы соғыста басып алды. Содан бері осынау жауланған жерлерде тұратын 2.7 миллион палестиналықтың арасына шоғырланған израильдіктер саны 700 мыңға жуықтап қалған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07