Несие кешірудің жаңа механизмі іске қосылады
Елімізде несие кешірудің жаңа механизмі іске қосылады. Бүгін Сенатта тиісті заңнамаға енгізілген түзетулер қаралды. Бүгінде қолданыстағы норма бойынша мұндай несиелер тек сот шешімімен ғана есептен шығарылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, алаяқтық жолмен алынған қарыздарды сотқа дейін есептен шығарудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр. Енді банктер немесе микроқаржы ұйымдары мұндай несиені сотқа дейін есептен шығаруға, яғни кешіру міндеттеледі. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары кімдерге қарыз бермеуі керек екендігін Олжас Қизатов айтып берді.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
Егер жеке тұлғаның басқа банк немесе микрокаржы ұйымы алдында 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі болса, ол қарызын өтемейінше, оған жаңа несие берілмейді. Яғни микроқаржы ұйымдары ол азаматқа несие беруіне заң бойынша құқы жоқ.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04