ДСМ: Қазақстанда коронавирустың жаңа түрі тіркелген жоқ
Қазақстанда COVIDтың жаңа штамы тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. NB.1.8.1 деп аталатын коронавирустың жаңа нұсқасы жыл басында Қытайда алғаш рет тіркелді. Кейіннен АҚШ-та да жұқпалы аурудың саны артқаны белгілі болған еді.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Омикронның қандай нұсқамасын алсақ та, ол бұрынғыдай пандемия кезіндегідей ауыр өтетіндей деңгейде қауқары жоқ. Біз апта сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Аптасына 20 мен 30 арасында адамдар тіркеледі. Ал жыл басынан бері 262 жағдай тіркелді. Өткен жылмен салыстарғанда 3,5 есеге төмен. Бұл жалпы эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақты екендігін көрсетеді. Ал жаңа нұсқасы біздің елімізде соңғы мониторинг бойынша анықталған жоқ.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22
3 жылда 40 мың тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі
23.07.2026, 20:06
Құрылтай – Ата Заңды жүзеге асырудағы маңызды қадам
23.07.2026, 20:05
Партиялардың бюллетендегі реті жеребе тарту арқылы анықталды
23.07.2026, 20:04
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды
23.07.2026, 20:02
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26