Семейде жаңа ықшам аудан салынады
Семейдің солтүстік бөлігінде 75 мың тұрғынға арналған жаңа ықшам аудан салынады. Тұрғын үй кешендерімен қатар онда 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында жастар сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, Достық үйі мен филармония салынады. Сондай-ақ стадион, колледж, музей, балабақшалар мен қонақүйлер құрылысы жүргізіледі. Ауқымды жоба үшін «Семей орманы» резерваты іргесінен, экологиялық жасыл аймақтан 1 мың гектардан астам жер бөлінді.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай облыс орталығында маңызды әлеуметтік-мәдени нысандарды осы жаңа ықшам ауданда орналастырамыз. Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерліктің үдемелі дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өңірдің инвестициялық тартымдылығын және оның ішінде жеке инвестиция көлемі артады деп болжап отырмыз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01