Астана халықаралық форумы басталды
Елордада Астана халықаралық форумы басталды. Шара бірнеше бөлімнен тұрады. Әр елден келген саяси тұлғалар, бизнес өкілдері жаһандық маңызды мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Форум жаңа ғана басталды. Дәл қазір Президенттің қатысуымен негізгі сессия өтіп жатыр. Одан соң түрлі тақырыптағы шағын панельдік сессиялар, бейресми кездесулер өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Идеяларды біріктіре, болашақты қалыптастыра» деп аталады. Биылғы шара 3 негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі - сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік. Энергетика және климаттың өзгеруі. Және соңғысы - экономика және қаржы. 2 күнге созылатын шарада әлемнің әр елінен 160-тан астам спикер сөз сөйлейді деп жоспарланған. Барлығы 4 мыңнан астам қатысушы тіркелген. 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері аккредиттелді. Жалпы, Астана халықаралық форумы жаһандық проблемалардың шешу жолы талқыланатын дәстүрлі алаңға айналған. Ал Қазақстан үшін әлемдік аренадағы абыройын арттырып, иммеджін қалыптастыратын жиын ретінде танылып келеді. Яғни, еліміздің әлемдік көшпен қатар келе жатқанын, өзіндік идеясы мен үні бар мемлекет екенін көрсететін форум. Алдағы шығарылымдарда талқыланған нақты тақырыптар мен ұсыныстар туралы баяндаймыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04