Ақтөбе облысындағы шахтадағы апатты тексеру үшін комиссия құрылды
Ақтөбе облысындағы «Болашақ» шахтасында болған апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Өңірге Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Серік Төленбергенов барды.
Вице-министр кәсіпорын басшылығы мен мемлекеттік органдар өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша шахтадағы барлық жұмыстарды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Арнайы құрылған комиссия апаттын мән-жайын анықтауы тиіс.
Естеріңізге салсақ, 26 мамыр күні түнгі сағат он жарым шамасында шахтада қондырғыларды монтаждап жатқанда, ауа құрамындағы жанғыш қоспалар тұтанып, үш электр слесарі күйіп қалды. Олар ауруханада ем қабылдап жатыр, екеуінің жағдайы ауыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04