Грекияда қазақ киносының фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда қазақ киносының фестивалі ашылды

28.05.2025

Грекияда қазақ киносының фестивалі ашылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі ұйымдастырған шараның алғашқы күні көпшілікке режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі ұсынылды. Афина жұртшылығы мен байырғы қазақстандық гректер тарихи туындыны тапжылмай тамашалап, фильмге, актерлердің кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. «Томиристе» Арғұнның рөлін сомдаған актер Әділ Ахметов көрсетілімнен соң көрерменнің сұрақтарына жауап берді. 3 күнге созылатын фестивальде көпшілік қазақстандық танымал вокалды-аспаптық ансамбль туралы түсірілген «Дос-Мұқасан» фильмі мен қазақ киносының жауһары «Менің атым Қожа» туындысын да тамашалайды.

Велиссариос Коссивакис, «Cinema Studio Art Cinema» кинотеатрының иесі:

Бұл фестиваль киносүйер қауым мен мәдениетті бағалайтын жандар үшін қазақстандық кинематографиямен танысуға таптырмас мүмкіндік. Біз осы туындылар арқылы Қазақстанның бай мәдениетімен, құндылықтарымен жақынырақ танысамыз.

Иоаннис Малкояннис, Қазақстанның Салоники қаласындағы құрметті консулы, кәсіпкер:

Осындай керемет шараның куәсі болғаныма қуаныштымын. Грекия жұртшылығына қазақ киносын ұсынып, керемет бастама көтерген Қазақстан елшілігіне алғысым шексіз.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу