Кітап оқып, шетелге жолдама жеңіп алды. Астанадағы №93 мектеп-лицей жыл бойы оқушылар мен ата-аналардың және мұғалімдердің арасында ерекше форматта шара ұйымдастырған. Бүгін жүзден жүйріктер марапатталды. «Құндылыққа құрылған білім: жеңімпаздар тәжірибесі» жобасы 3 бағытты қамтыды. Олар - «Оқуға құштар отбасы», мұғалімдер арасында «BookChelleng», сондай-ақ үздік сынып жетекші. Қатысушылар әр айда 1 кітаптан оқып отырған. Мектеп директорының айтуынша, мұндай шара білім сапасын көтеріп қана қоймай, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда пайдасы зор.
Бексұлтан Басықара, №93 мектеп-лицей директоры:
Отбасы қатысты айтсам, финалға 13 ата-ана жолдама алды. Финалдан кейін 1-орын және 2-орын алған отбасы бүгін TEDx форматында сөйлейді. Ата-аналарға бөлек кітап, балаларға бөлек кітап берілді. Әрқайсысы жас ерекшелігіне байланысты сол оқыған кітап бойынша тест тапсырды.
Еске сала кетейік, қазір ұлттық әдебиетіміздегі 100 таңдаулы туындыны анықтауға арналған сауалнама жүріп жатыр. Оған e-Gov Mobile қосымшасы арқылы қатысып, таңдауыңызды жасай аласыз. Сауалнама 23 шілдеге дейін жүреді, ал нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Асылбек Данияр
