Семейде «Құрылыс өнері» халықаралық құрылыс мамандықтары фестивалі өтіп жатыр. Ресей, Германия мен отандық оқу орындарының ұстаздары біліктілігін көрсетіп, 3 күн бойы сынға түседі. Мақсат – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, құрылыс саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жетістіктерді көрсету. Тұңғыш рет өткізілген сайыста құрылыс мамандарын дайындайтын оқу орындары өздерінің әлеуетін байқатып, тәжірибе алмасады. Мамандардың айтуынша, жұмысшы мамандыққа деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Қазір тек Абай облысында ғана 21 колледжде 5 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Биыл олардың қатары тағы толықпақ.
Вилена Жақыпбаева, Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:
Өкінішті, өйткені жұмысшы мамандықтарға сұраныс аз. Былтыр біз жұмысшы мамандыққа 2 мың бала қабылдадық. Биыл оны 3 мыңға көтереміз деп отырмыз. Қызығушылық артуда. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы арқасында деп ойлаймын. Бізге үлкен мүмкіндік туып тұр.
Ержан Жақып
