К.Лагард: Еуро долларды алмастыра алады
Еуро долларға балама бола алады. Еуропа Орталық банкінің президенті Кристин Лагард осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үшін ЕуроОдақтың қаржылық және қауіпсіздік архитектурасын, ашық саудаға ұмтылысын нығайту қажет. Лагард қазір болып жатқан өзгерістер еуроға жол ашып жатыр деп мәлімдеді. «Рейтердің» мәліметінше, Еуропалық Одақтың қаржы институттары әлі толық жетілмей әрі үкіметтер интеграцияға селқостық танытып жатқандықтан, еуроның жаһандық рөлі бәсең.
Ал соңғы кездері доллардың рөлі төмендеп кеткен. Қазір халықаралық резервтердің 58 пайызы америкалық валюта еншісінде. Бұл – соңғы он жылдықтардағы ең төменгі көрсеткіш.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07