Каспий теңізі жағасынан итбалықтардың өлексесі табылды
Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауында тағы да итбалықтар қырылды. Бүгінде Түпқараған ауданындағы Үрдік мүйісінен Баутин жағалауы аралығында 279 өлексе табылған. Инспекторлар өткен аптада тағы 117-сін тауып, кешегі демалыс күндері 59-ын тіркеді. Теңіз жануарлары солтүстік батыстан соққан желден кейін, жағаға шығып қалған. Мамандар бұл жаңадан тіркелген жағдай екенін айтады. Өйткені былтырғы ұшалар жиналып алынған.
Еске салайық, өткен жылы осы аудан аумағындағы теңіз жағасынан 2 мыңнан астам өлі итбалық табылған еді.
Қонарбай Базарбаев, облыстық балық инспекциясы басқармасы Түпқараған балық инспекциясы бөлімінің басшысы:
Итбалықтар өте шіріп кеткен жағдайда шығып жатыр. Сынама алу әбден мүмкін емес. Өкінішке орай, айта кететін де факт бар, денесінде ау құралдарымен бірге табылып жатқандар да бар. Нақты онымен айналысатын жаңағы институт экологий және гидробиология мамандары бар институттар. Солар бірнеше жылдан бері айналысып жатыр. Бірақ нақты міне мынадайдан деген ешқандай тұжырымға келе алмай отыр әлі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04