Ұлттық бірыңғай тест басталды. Мектеп бітіретін 217 мың түлектің 185 мыңы ұлттық бірыңғай тесттен өтуге тіркелген. Бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік берілгені дұрыс болған сияқты.
Бұрынғыдай уайымға салыну байқалмайды. Бірақ ең жоғары балл алудың бәсекесі басталғандай ма?..
ҰБТ - жоғары білім алу жолындағы бірінші қадам. Биыл қанша мемлекеттік грант бөлінбек? Педагогика мен медицина түсінікті, олардан бөлек қай салаларға басымдық беріледі? Нарық сұранысы зерттеледі дейді, сол қаншалықты рас? Сонымен бірге жоғары оқу ошағында оқымай-ақ, жақсы маман болып шығу жиі айтыла бастады.
Иә мектеп түлегінің әрі қарай мамандық таңдауы өте маңызды қадам. Ең жаманы - бізде грант үшін қаламаған оқуға түсетіндер бар. Және аз емес. Бұл деген алтын уақытты жоғалту, мемлекет қаржысын босқа шығындау және біреудің орнын алу.
Елдос Есенбол талдап көреді.
