Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен
Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Мәселен, 2022 жылы 400 мыңнан астам сәби өмірге келсе, былтыр 340 мыңдай бала дүние есігін ашқан. Мамандардың айтуынша, бұл үрдістің жалғаса беру қаупі бар. Бұл – адамдардың денсаулығына неқұрайлы қарауының салдары, дейді репродуктивті денсаулық апталығын қорытындылаған мамандар. Шарада сөз алған дәрігерлер жастар мен жас отбасылардың арасында жұқпалы аурулар көбейген жеткізді. Жыл басынан бері 70-ке жуық адамнан ВИЧ анықталған. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Бұдан бөлек, жиында бедеулік пен белсіздіктің алдын алу жайы талқыланды.
Тоғжан Қожалы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Көп отбасыда көбінесе бала туылмау мәселесін әйелден көреді. Сондай менталитет қой бізде. Бірақ андрологтар, гинекологтармен сөйлескен кезде 51 пайыз еркектен екен. Оны біздің қоғам білмейді. Мұндай мәселелерді бала кезден шешуге болады. Бұл үшін гинеколог, педиаторлар болуы керек. Өкінішке қарай, ондай мамандар өте аз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09