Алғашқы отандық чип таныстырылды
Отандық мамандар алғашқы қазақстандық чип жасап шықты. Микропроцессордың таныстырылымы бүгін Астанада өтті. Жиынға академиялық қауымдастық пен индустрия өкілдері қатысып, бұл саланың болашағын талқылап, мамандарды даярлау мәселелерін қарастырды. Чипті үш ай бойы отандық мамандар дайындап, тесттен өткізген. Ал зауыттағы өндіріс жұмыстарын қытай мамандары жасаған.
Нұрсұлтан Қабылқас, жоба жетекшісі:
Кішігірім процессор, бірақ та біз сол жолдан өттік. Қалай жасалатынын үйреніп, сол жолдан қайта көп интеграциялармен одан да мықты процессорлер жасай аламыз. Кішігірім автоматизацияны қолданатын компьютерлерге сол чипті салуға болады. Бұл жобада ең маңызды өнім ол адамдар. Сол микропроцессорлерді дизайн жасай алатын осы жерде отырған студенттеріміз жасап шықты.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05